Велосипедімен 7 мың шақырымды бағындырды

Велосипедімен дүниежүзілік саяхатқа шыққан 65 жастағы неміс фотографы Жан Клод Валлет Конияның Сейдишехир ауданына келді.

1753296
Велосипедімен 7 мың шақырымды бағындырды

Велосипедімен Франциядан дүниежүзілік саяхатқа шыққан 65 жастағы неміс фотографы Жан Клод Валлет 7 мың шақырымды бағындырып,  Конияның Сейдишехир ауданына келді.

Сейдишехир Велоспорт және ашық аспан астындағы спорт қауымдастығы қонақ жиһангезді күтіп алды. Ол журналистерге түріктердің өте қонақжай халық екенін  және оған өте жақсы қарағанын білдірді.

Велосипед айдағанына 43 жыл болғанын және велосипедпен 127 елге саяхат жасағанын атап көрсеткен Валлет: «Сонымен қатар мен өзімнің әлеуметтік желідегі аккаунтым арқылы саяхатым барысында барған елдерде кездескен адамдарды, танысқан мәдениеттерді жариялап отырамын. Велосипедпен Түркияны аралап жүргенде көрген сұлулықтар мен табиғат көріністеріне таң қалдым. Менің байқағаным, Түркия - өте әдемі ел, халқы өте қонақжай»,-деді.

Сейдишехир Велоспорт және ашық ауада спорт қауымдастығының президенті Али Өз Сейдишехирде неміс фотографы Жан Клод Валлетті қонақ қылғандарына қуанышты екенін білдірді.

«Жан Клод Валлет  кез келген жағдайда велосипед айдайды.  Мен оны табандылығы үшін құттықтаймын» деді ол.



Ұқсас жаңалықтар