БҰҰ Түркияға ауылдық дестинация жүлдесін берді

Невшехирдің Мұстафапаша ауылы мен Сакарияның Тараклы ауданы БҰҰ Дүниежүзілік туризм ұйымының  24-ші жалпы кеңесінде жүлде алды.

1742454
БҰҰ Түркияға ауылдық дестинация жүлдесін берді

Біріккен Ұлттар Ұйымы Дүниежүзілік туризм ұйымы Невшехирдің Мұстафапаша ауылы мен Сакарияның Тараклы ауданын "ауылдық туризм дестинациясы" жүлдесімен марапаттады. 

Мәдениет және туризм министрлігінен жасалған мәлімдемеге қарағанда ауылдық туризм қазіргі уақытта кәсіби туристік бизнесте қызметтің табысты түрі ретінде  әлемдік нарықта берік орын алады. Ауылдық туризмді дамыту және халықтың тұрмыс деңгейін көтеру мақсатымен биыл "Ең үздік туризм ауылдары талпынысын" бастаған БҰҰ Дүниежүзілік туризм ұйымы Түркиядан екі ауылдық туризм дестиннацияны таңдады. 

Невшехирдің Мұстафапаша ауылы мен Сакарияның Тараклы ауданы Испанияның астанасы Мадридте ұйымдастырылған БҰҰ Дүниежүзілік туризм ұйымының  24-ші жалпы кеңесінде жүлде алды. 

 



Ұқсас жаңалықтар