Эйнштейннің қолжазбасы сатылды

Сатып алушының аты-жөні жарияланбады.

1738188
Эйнштейннің қолжазбасы сатылды

Әлемге әйгілі физик Альберт Эйнштейннің 54 беттік қолжазбасы Францияның астанасы Парижде өткен аукционда 11,7 миллион еуроға сатып алушы тапты.

Эйнштейн мен оның жақын досы инженер Мишель Боссо тарапынан 1913-1914 жылдары қалыптастырған және салыстырмалылық теориясы бойынша дайындық зерттеулерін қамтитын қолжазба Париждегі Christie's аукцион үйінде сатылды.

Қолжазба туралы мәлімет берген сарапшы Винсент Беллой Эйнштейннің 1919 жылға дейінгі жұмыс құжаттары өте шектеулі болғанын, сондықтан құжаттың ерекше маңызды екенін айтты.

Беллой «Эйнштейн - өте аз жазған адам, сондықтан қолжазбаның аман қалғаны және бізге жеткені оны ерекшелендіреді» деді.

Аукцион үйі қолжазбаның құнын 2-3 миллион еуроға бағалаған еді. Сатып алушының аты-жөні жарияланбады.



Ұқсас жаңалықтар