TRT World «Lovie Awards» сыйлығының 3 санатында марапатталды

TRT World ең беделді медиа сыйлықтарының бірі «Lovie Awards» жүлдесінің 3 санатында марапатталды.

1735201
TRT World «Lovie Awards» сыйлығының 3 санатында марапатталды
trt world.jpg

TRT World онлайн мазмұндар марапатталатын ең беделді медиа жүлдесі «Lovie Awards» (Махаббат жүлделері) сыйлығының 3 санатында марапатталды. 

Цифрлық өнер және ғылымдардың халықаралық академиясы (IADAS) берген 11-ші Lovie жүлделеріне 30 Еуроодақ елінен мыңға жуық үміткер қатысты. 

TRT World арнасының «Менің айтатын хикаям бар» (I’ve Got a Story to Tell) атты цифрлық бейне сериалы «Әртүрлілік, теңдік және қамту» номинациясында «Gold Lovie» (Алтын махаббат) жүлдесін жеңіп алды. 

Абдуллах Ылык түсірген және өңделген бейне сериясы сондай-ақ шамамен 55 мың адам дауыс берген процесте ең көп лайк жинап, «People's Lovie Award» (Халық махаббаты) жеңіп алды. 

Ахмер Хан және тағы бір TRT World үміткерінің продюсері болған «People's Lovie Award» (Халық махаббаты) сыйлығын алды. 

Ахмер Хан режиссерлік жасаған және TRT World-тің тағы үміткер болған «Махаббат жиһады» (Love Jihad) атты еңбек те «Gold Lovie» (Алтын махаббат)  жүлдесін алды. 

Бас продюсер Түлин Тезелдің режиссерлігімен түсірілген «Махаббат жиһады» (Love Jihad) фильмі сонымен қатар жаңалықтар мен саясат санатында финалға өтті. 

IADAS атқару кеңесі төрағасы және POKE London шығармашылық серіктесі Николас Руп жасаған мәлімдемеде «TRT World цифрлық инновация мен шығармашылықта керемет шеберлік танытып, өз санатында ерекшеленді. Бұл сыйлық жасағандардың шеберлігі, креативтілігі және көрегендігінің айғағы болып табылады» деді. 

TRT World цифрлық директоры Ахмед Ел Амрауи де былай деді: «Gold Lovie» және «People Lovie Awards» жүлделері TRT World-тің бірнеше жыл бұрын құрылған күнінен бері ең жоғары өндіріс стандарттарымен адами құндылықтарға қолдау беретін журналистиканы сақтаудағы жетістігін көрсетеді. Журналистер, тілшілер, редакторлар мен графикалық дизайнерлерден тұратын әртүрлі кадрларымыз жергілікті оқиғаларды жаһандық аудиторияға көрерменге жеткізудегі табысын дәлелдеді. Мен жұмыс тобымен мақтанамын және әлі де келетініне сенімдімін» деді. 

«Gold Lovie» (Алтын махаббат) Халықаралық цифрлық көркемөнер мен ғылым академиясы берген ең жоғары марапат ретінде белгілі. 



Ұқсас жаңалықтар