Рак ауруына вакцина

Др. Угур Шахин жетілдірілген рак ауруы вакцинасынан үмітті екендерін айтты.

1735238
Рак ауруына вакцина

BioNTech компаниясының құрушысы Др. Угур Шахин жетілдірілген рак ауруы вакцинасынан үмітті екендерін айтты.

 Ол рак ауруларына бағытталған клиникалық жұмыстардан оң нәтиже алғандарын білдірді.  Шахин қазірге дейін жүргізілген жұмыстарда кейбір науқастарда ісіктің кішірейгенін байқағандарын атап көрсетті.

Ол дұрыс вакцина комбинациясымен қатты ісіктерді де емдеуге болатынын айтты.  Шахин ісіктердің тек кішіреуін ғана емес,  сонымен бірге кішірею процесінің тұрақты болуын мақсат еткендерін баяндады. Ол емнің «сенімділігіне» назар аударып, жетістіктерден үмітті екенін айтты.

Рак ауруын емдеуде қолданылатын вакцинаның нарыққа 3-4 жылда шығып қалатынын да атап көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар