Бірігіп түсірілетін сериалға 10 мыңнан астам өтініш келіп түсті

Премьер-министр Хан осы жобаның әлемге танымал болатынын және жас буын үшін құнды екенін атап көрсетті.

1725784
Бірігіп түсірілетін сериалға 10 мыңнан астам өтініш келіп түсті
emre konuk dizi pakistan.jpg
emre konuk dizi pakistan.jpg
emre konuk dizi pakistan.jpg
emre konuk.jpg

Түркия мен Пәкістан бірігіп түсіретін, Селахаддин Еюбидің өмірін арқау ететін сериалда ойнау үшін Пәкістаннан 10 мыңнан астам өтініш білдірді.

Түрік продюссер Емре Конук осы жобаның кездесулері және актер таңдау жұмыстарын атқару мақсатымен Пәкістанға барғандарын айтып, Пәкістан премьер-министрі Имран Ханмен кездескендерін білдірді.  Ол кинематография және мәдениет саласында пікір алмасқандарын атап көрсетті.

Хан оларға Селахаддин Еюбидің қайраны екенін айтқан. Премьер-министр Хан осы жобаның әлемге танымал болатынын және жас буын үшін құнды екенін атап көрсетті.

Телехикаяның продюссері сериалдың Түркияда түсірілетінін айтып: «Халықаралық жұмыс болуы үшін түрлі елдерден актерлерді осы жобада көргіміз келеді.  Пәкістаннан осы сериал үшін 10 мыңнан астам адам өтініш білдірді» деді.



Ұқсас жаңалықтар