Ресей ғарышқа OneWeb компаниясының 36 жер серігін ұшырды

Жер серіктері Қазақстанның Байқоңыр ғарыш айлағынан ғарышқа жіберілді.

1719716
Ресей ғарышқа OneWeb компаниясының 36 жер серігін ұшырды

Британдық OneWeb компаниясына тиесілі тағы 36 жер серігі орыстардың «Союз-2.1В» зымыран тасығышымен ғарышқа ұшырылды.

Интернеттің жылдамдығын арттыруға арналған британдық OneWeb компаниясына тиесілі 36 коммуникациялық жер серігі Қазақстанның Байқоңыр ғарыш айлағынан Ресейдің «Союз-2.1В» зымыран тасығышымен ғарышқа жіберілді.

Ресей ғарыш агенттігінің (Роскосмос) еншілес компаниясы Главкосмос, Arianespace және Starsem компанияларымен келісім бойынша ұшырылған жер серіктерінің саны осылайша 356-ға жетті.

Роскосмос пен OneWeb компаниясы бұған дейін келісімшарт туралы жасаған егжей-тегжейлі мәлімдемесінде 2022 жылға дейін 648 жер серігін ғарышқа жіберуді көздегендерін хабарлаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар