Түрік құрамасы Норвегиямен ойнайды

Түркия уақытымен сағат 21.45-те басталатын матч ТРТ 1 арнасынан тікелей көрсетіледі.

1716554
Түрік құрамасы Норвегиямен ойнайды

Футболдан ұлттық құрама бүгін 2022 FIFA Еуропалық іріктеу тобының жетінші матчында Норвегия құрамасымен ойнайды.  

Түркия уақытымен сағат 21.45-те басталатын матч ТРТ 1 арнасынан тікелей көрсетіледі.

Штефан Кунц жаттықтыратын түрік құрама командасының матчы «Үлкер» стадионында өтеді.

Матчы  Германия футбол федерациясының төрешісі Феликс Брих басқарады.

G тобында Нидерланды 13 ұпаймен көш бастап тұр, дәл сондай ұпаймен Норвегия екінші орында.

Түркия құрамасы 11 ұпаймен үшінші орында.

Топтағы соңғы 4 матчында 1 ғана жеңіске жеткен ұлттық құрама Норвегияны жеңіп, чемпионатта жолын жалғастырғысы келеді.

 



Ұқсас жаңалықтар