Әлем бойынша Facebook, Instagram және WhatsApp желілері істемеді
Facebook пайдаланушылардың деректерінің ұрланғаны жөнінде ешбір дәлел жоқ екенін білдірді.
Әлем бойынша Facebook, Instagram және WhatsApp желілерінің жұмысында техникалық ақау пайда болды.
Бұл желілерге кеше кешке шамамен 6 сағат бойы кіру мүмкін болмады.
Қол жеткізуге қателі бір конфигурацияның кедергі жасаған түсіндірілді және пайдаланушылардың деректерінің ұрланғанына ешқандай дәлел болмағаны білдірілді.
Бұл туралы Facebook инфрақұрылымының директоры Сантош Жанардхан компания сайтынан жариялаған мәлімдемесінде «Платформадағы техникалық акауға байланысты бүкіл әлемде бізге сенетін адам мен фирмалардан кешірім сұраймыз» деді.
Компания бұл процесте қолданушылардың деректерінің ұрланғаны туралы ешбір дәлел жоқ екенін атап, бұл бағытта шыққан жаңалықтарды жоққа шығарды.
Ұқсас жаңалықтар
«Marella Discovery» атты круиздік кеме Аланияға келді
Алания портына аялдаған кемеде көпшілігі британдық 1 758 жолаушы мен 743 қызметкер бар.
АҚШ-та «Түрік күні фестивалі» өтті
Түрік Америка ұлттық басқару комитеті ұйымдастырған 3 күндік бағдарламалар өте сәтті өтті.