Нобель марапат кеші биыл да өткізілмейді

Нобель сыйлықтары иегерлеріне салтанатты түрде берілмейді.

1709906
Нобель марапат кеші биыл да өткізілмейді

Нобель сыйлықтары коронавирус эпидемиясы салдарынан биыл да иегерлеріне салтанатты түрде берілмейді.

Нобель фондының хабарламасында Нобель сыйлықтарының иегерлерінің медальдерін өз елдерінде алатындары хабарланды.

Нобель фонды төрағасы Ларс Гейкенстен Нобельдің жаһандық жүлде екенін айтып: «Барлығымыз коронавирус эпидемиясының тоқтауын қалаймыз, бірақ әлі осы мақсатқа жете қойған жоқпыз.  Нобель сыйлығын алғандар былтыр болғандай биыл да сыйлықтарын өз елдерінде қабылдап алады» деді.

Жыл сайын 10 желтоқсанда өткізілетін марапат кеші шамамен 60 жылдан бері бірінші рет былтыр болмаған еді. Биыл да марапат кеші цифрлық платформада өтеді.



Ұқсас жаңалықтар