Атақты театр актері қайтыс болды

Ферхан Шенсой 70 жасында дүниеден өтті.

1700047
Атақты театр актері қайтыс болды

Театр, кинематография және теледидар қайраткері, сценарист, ақын және «Ортаойыншылар» театр қауымдастығының құрушысы Ферхан Шенсой 70 жасында дүниеден өтті.

Өнер қайраткерінің бұрынғы жұбайы Дерия Байкал әлеуметтік желіден «Ұстазымнан,  қыздарымның әкесінен айрылып қалдық» деп хабарлады.

Өнерпаз Стамбул Университетінің Медицина факультеті ауруханасында емделіп жатқан болатын.

Өзінің театр қауымдастығы «Ортаойыншыларды» 1980 жылы құрған Шенсой түрік театры үшін үлкен еңбек сіңірді. Карьерасы бойы көптеген актер жетілдірді. 1987 жылдан бері «Ферханги шейлер» атты бір кісілік қойылымын сахнаға қойып келді.



Ұқсас жаңалықтар