«Токио-2020 Жазғы Олимпиада ойындары» басталды

«Токио-2020 Жазғы Олимпиада ойындары» кеше ашылу салтанатымен ресми түрде басталды.

1679432
«Токио-2020 Жазғы Олимпиада ойындары» басталды
Tokyo 2020 acilis seremonisi3.jpg
Tokyo 2020 acilis seremonisi2.jpg
Tokyo 2020 acilis seremonisi1.jpg
Tokyo 2020 acilis seremonisi.jpg

Жапония ұлттық стадионында өткен рәсімге 950 қонақ қатысты. Жастар және спорт министрі Мехмет Мухаррем Касапоғлу ашылу салтанатын трибунадан тамашалады.

Салтанатты рәсімге Франция президенті Эммануэль Макрон мен АҚШ президенті Джо Байденнің әйелі Джил Байден де қатысты.

Жапония Императоры Нарухито ашқан салтанаттың алдында Олимпиада ойындарында қаза тапқандар бір минут үнсіз еске алынды.

Өткен жылы өткізілуі жоспарланған, бірақ жаңа типтегі коронавирусқа (ковид-19) байланысты 2021 жылға қалдырылған «Токио-2020 Жазғы Олимпиада ойындары» ашылу салтанатына көрермен қабылданбады.

Салтанатты рәсімдегі көрнекі эффектілер өте жоғары бағаланды.

Ковид-19 эпидемиясына байланысты спортшылардың бір жерге жиналмауына назар аударған би шоуында «Бөлекпіз, бірақ жалғыз емеспіз» тақырыбы қарастырылды.

«Токио-2020 Жазғы Олимпиада ойындары» ашылу салтанатында екі спортшы алғаш рет елдердің жалауын көтерді. Алдыңғы Олимпиада ойындарында бір спортшы бұл толқуды бастан кешсе, «Токио-2020 Жазғы Олимпиада ойындары» алдында гендерлік теңдікке баса назар аудару үшін екі спортшының жалау көтеріп жүгіруіне шешім қабылданған болатын.

Ойындарда 58 еркек пен 50 әйел, барлығы 108 спортшы бақ сынасатын Түркияның жалауын ұлттық жас жүзушілер Мерве Тунджел мен Берке Сака көтерді.

Әлемдегі 82 миллион қоныс аударған адамдар атынан қатысатын Босқындардың Олимпиадалық спортшылар құрамасы да олимпиада жалауы астында салтанатты кеште орын алды. Босқын спортшылар әлемге бейбітшілік туралы шақыру тастады.

Грекиядан алынған Олимпиада алауы Жапонияның 47 қаласын аралап, ашылу салтанаты өтетін спорттық алаңға ұласты.

Жапонияның әйгілі теннисшісі Наоми Осака Фудзи тауының етегіндегі Олимпиада алауын тұтатты. Бұл алау ойындар соңғы күніне дейін үздіксіз жанып тұратын болады.



Ұқсас жаңалықтар