Ресейден алғашқы туристер келді

Мәскеуден көтерілген ұшақ Анталияға келіп қонды.

1662397
Ресейден алғашқы туристер келді

Ресейден алғашқы турист тобы бүгін «туризмнің бас қаласы» Анталияға келді.

Коронавирус пандемиясы себебімен Ресей тарапынан Түркияға қарай тоқтатылған әуе қатынасы 22 маусым күні қайта басталды.

Осыған сәйкес Ресейдің бас қаласы Мәскеуден көтерілген Түрік Әуе жолдарының ұшағы Түркия уақытымен сағат 05.40-та Анталия әуежайына келіп қонды. Ұшақтан түскен туристер термалды камераның бақылауынан өтіп, әуежайға кірді.

Төлқұжат тексерілгеннен кейін туристер демалатын қонақүйлеріне қарай жылжыды.

Бір күнде Ресейден 44 ұшақпен 12 мыңнан астам туристің келуі жоспарланды.



Ұқсас жаңалықтар