Түркия босқындарға гуманитарлық жәрдемдерін жалғастыруда

Түрік Қызыл жарты ай қоғамы «20 маусым Халықаралық босқындар күніне» орай мәлімдеме жасады.

1661369
Түркия босқындарға гуманитарлық жәрдемдерін жалғастыруда

Түрік қызыл жарты ай қоғамы Түркияны паналаған босқындарға қолдауын жалғастыруда.

Қоғам 2001 жылдан бастап әртүрлі себептермен елді-мекендерін тастап әлемнің түкпір-түкпірін паналауға мәжбүр болған босқындардың жағдайына назар аударды.

Біріккен Ұлттар Ұйымының Босқындар Ісі Жөніндегі Жоғарғы Коммисариаты (БЖКБ) жариялаған соңғы жылдық есепке қарағанда пандемияға қарамастан соғыстардан, зорлық-зомбылықтан, қудалаудан және адам құқығы тапшылығынан қашқан адамдардың саны 2020 жылы 82,4 миллионға жетті.

2014 жылдан бері одан жақсы өмір сүру мақсатты қоныс аударғысы келген 20 мыңнан астам адамның Жерорта теңізінде суға батып қаза тапқаны, Қызыл жарты ай қоғамының болса Түркияны паналаған уақытша қорғау астындағы адамдарға қоса, шекарадан тыс жәрдемдерімен де босқындарға қолдауын жалғастырғаны атап көрсетілді.

Түрік қызыл жарты ай қоғамының Түркияда тіркеуге алынған шамамен 4 миллион адамға қолдау және интеграциялық бағдарламалар арқылы көптеген салада жәрдемдерін жеткізгені білдірілген мәлімдемеде «Түрік қызыл жарты ай қоғамы Түркияның әртүрлі қалаларында 16 белсенді қоғамдық орталығы және 521 қызметкерімен бүгінге дейін 1,7 миллион адамға гуманитарлық жәрдем жеткізді» делінді.

Мәлімдемеде шекарадан тыс жәрдемдерін де тоқтаусыз жалғастырып келе жатқан Түрік қызыл жарты ай қоғамының гуманитарлық дағдарыстардың ықпалын азайту мен өмір сүру жағдайын арттыруды мақсат еткеніне назар аударылды.



Ұқсас жаңалықтар