Түрік Қызыл жарты ай қоғамының 153 жылдығы тойлануда

Түркияның маңызды көпірлері мен тарихи ғимараттары қызыл түспен  жарықтандырылды.

1656507
Түрік Қызыл жарты ай қоғамының 153 жылдығы тойлануда
fsm koprusu kirmizi.jpg
galata kulesi kirmizi.jpg
Alacahoyuk Sfenksli Kapi kirmizi.jpg

Түрік Қызыл жарты ай қоғамының 153 жылдығына орай Түркияның маңызды көпірлері мен тарихи ғимараттары қызыл түспен  жарықтандырылды. 

Түрік Қызыл жарты ай қоғамынан жасалған мәлімдемеге қарағанда 153 жылдығы аясында Мәдениет және туризм министрлігі мен Қатынас және инфрақұрылым министрлігінің қолдауымен Түркияның маңызды көпірлері мен тарихи ғимараттарын  Түрік Қызыл жарты ай қоғамының қызыл түсімен  жарықтандыруға шешім жасалды.  

Осы аяда кеше түнде ұйымдастырылған іс-шаралар шеңберінде Галата мұнарасы, Гөбеклитепе, Алажахөйүк, Патара ежелгі қаласы, Екінші Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі мұражайы, Фатих Сұлтан Мехмет пен Явуз Сұлтан Селим көпірі және Анкара мұнарасы қызыл түспен жарықтандырылды. 

Түрік Қызыл жарты ай қоғамы төрағасы Керем Кынык мәлімдемесінде іс-шаралардың ұйымдастырылуында үлес қосқандарға алғыс айтты. 

 



Ұқсас жаңалықтар