Бүгін - Радио күні

Түркия радиохабар тарату саласы 94 жаста.

1635017
Бүгін  - Радио күні

Түркиядағы радиохабар таратудың 94 жылдығы мен 6 мамыр Радио күні Түркия телерадио корпорациясының (TRT) радиоларында атап өтіледі.

Онлайн өтетін іс-шараларда отандық және шетелдік радиохабар таратудың майталмандары мен тыңдаушылар және радио сүйер қауым бас қосады.

TRT Радио күндерінде тыңдаушылардың көзқарастарына да орын беріледі. TRT FM арнасында арнайы жүргізілетін радио бағдарламасында «Радио мен үшін...», «Радиомен естеліктерім» және «Мен радиохабар таратсам» деген тақырыптарда тыңдармандардың көзқарас пен ұсыныстары қабылданады.

Айырықша «Радиоға қалай келдім» деген тақырыпта ұлттық және аймақтық деңгейде бағдарламалар өткізіледі.  Осы бағдарламаларда радиода жұмыс істейтін қызметкерлердің тәжірибелері мен естеліктері жаңғырады.

Сонымен бірге радио қызметкерлері қатысатын ашық форум өткізіледі.



Ұқсас жаңалықтар