Ыстық ауа шарлары балалар үшін ұшты

Ұлттық егемендік және балалар мерекесі Каппадокияда ыстық ауа шарларымен тойланды.

1626912
Ыстық ауа шарлары балалар үшін ұшты

Каппадокияда ыстық ауа шарлары көгілдір аспанға балалар үшін көтерілді.

23 сәуір Ұлттық егемендік және балалар мерекесіне орай ыстық ауа шарларына түрік байрағы мен Ататүріктің фотосуреті бар плакаттар ілінді.

БҰҰ Білім, оқу және мәдениет ұйымының (ЮНЕСКО) Дүниежүзілік мәдени мұра тізіміне енген пері мұржалары, табиғи жартас түзілімдеріне толы алқаптары, тастан ойып салынған тарихи монастырлары, жерасты қоныстары мен әртүрлі экскурсиялық іс-шараларымен танымал Каппадокия аймағында ыстық ауа шарларына азанғы уақыттан бастап Ататүріктің фотосуреті бар плакаттар мен түрік байрағы ілінді.

Жергілікті және шетелдік туристер көгілдір аспаннан аймақты тамашалауға мүмкіндік табатын ыстық ауа шарлары дайындықтарын аяқтаған соң Гөреме ауданындағы «Қылычлар» алқабынан бірінен соң бірі ұша бастады.

Күн шыққан кезде ұйымдастырылған тур іс-шаралары бір сағатқа созылды.

 



Ұқсас жаңалықтар