Түркия Футбол Федерациясынан "Еуропа супер лигасы" жобасына наразылық

Түркия Футбол Федерациясы (ТФФ) құрамында Еуроодақтағы кейбір клубтар орын алатын «Еуропа супер лигасы» жобасына наразылық көрсетті.

1624975
Түркия Футбол Федерациясынан "Еуропа супер лигасы" жобасына наразылық

Түркия Футбол Федерациясы (ТФФ) Еуропадағы кейбір клубтар «Еуропа супер лигасы» деген атпен құраған жаңа жобамен байланысты «Футболдың болашағы тұрғысынан аталған құрылымға қосылған клубтарды бастаған жікшіл бастамадан тезірек бас тартуға шақырамыз» деген мәлімдеме жасады.

ТФФ-нің интернет парақшасынан «Еуропа супер лигасы бастамасы қабылданбайды» деген тақырыппен жарияланған мәлімдемеде «Кейбір Еуропа клубтары тарапынан құрылған «Еуропа супер лигасы» жобасына қатысты жаңалықтарды үлкен уайыммен қадағалап отырмыз. Әлем футболының болашағына толығымен қауіп төндіретін бұл мағынасыз бастаманы қабылдамаймыз» делінді.

Мәлімдемеде ТФФ-нің футболдың шаңырақтары ретінде Футбол Қауымдастықтарының Халықаралық Федерациясы (ФИФА/FIFA) және Еуропалық футбол қауымдастықтарының одағынан (УЕФА/UEFA) бастап, барлық серіктері мен бұл спортты жақсы көретін сүйер қауымның әрбір мүшесімен бірге екені атап көрсетілді. Мәлімдеме де сондай-ақ «Тек қана өз мүдделерін ойлайтын бұл бастамаға орынды наразылық көрсеткен (Түркиядағы) Супер лига футбол клубтары бірлескен қорына түрік футболы атынан шексіз алғысымызды білдіреміз» делінді.



Ұқсас жаңалықтар