Түркия мен Әзербайжан арасында туризм келісімі

Түркия мен Әзербайжан туризм көлемін арттыру үшін өзара ынтымақтастық келісіміне қол қойылды.

1615489
Түркия мен Әзербайжан арасында туризм келісімі

Түркия туристік агенттіктер қауымдастығы (ТТАҚ) және Әзербайжан туристік агенттіктер қауымдастығы (ӘТАҚ) екі ел арасындағы туризм көлемін арттыру туралы Стамбулда ынтымақтастық хаттамасына қол қойды.

Әсіресе болашақтағы бірлескен іс-шаралардан бастап, бірлескен туристік платформаларын құру, денсаулық туризмі сияқты тақырыптар талқыланған қол қою рәсіміне Түркия туристік агенттіктер қауымдастығы төрағасы Фируз Бағлыкая, Әзербайжан туристік агенттіктер қауымдастығы төрағасы Руфат Хачиев, Әзербайжан денсаулық туризмі қауымдастығының төрағасы Руслан Гулиев және ТТАҚ Денсаулық туризмінің мамандандыру бөлімінің бастығы Али Рифат Пешкирчиоглу қатысты.

Қол қойылған хаттамамен әсіресе денсаулық сақтау саласынан бастап, бірлескен туризм саласында платформа құрылады. Бұл келісімнің екі ел арасындағы сапарлардың санын маңызды мөлшерде арттыратыны күтіледі.



Ұқсас жаңалықтар