Евровидение ән байқауын 3500 кісі тамашалайды

Мекеннің жартысы толтырылады және көрермендердің залға кіруден бұрын Ковид-19 сынағын жасатуы керек.

1613857
Евровидение ән байқауын 3500 кісі тамашалайды

Өткен жылы коронавирус (Сovid-19) себепті өткізілмеген Евровидение ән байқауының биыл шекті сандағы көрерменді қабылдайтыны хабарланды.

Евровидение ән байқауы 2019 жылы Израильде өткен байқауды жеңіп алған Голландияның Роттердам қаласында өтеді.

Өткен жылғы жарыста голландиялық Дункан Лоренс жеңген болатын.

Голландия үкіметі биыл өткізілуі жарияланған байқауды 3 мың 500 көрерменнің тамашалауына рұқсат берді.

Мекеннің жартысы толтырылады және көрермендердің залға кіруден бұрын Ковид-19 сынағын жасатуы керек.

Сонымен бірге Голландияда шектемелер қатаң жалғасуда.

Өткен апта премьер-министр Марк Рютте ел көлемінде көшеге шығу шектемесі мен басқа коронавирус шектемелерінің айдың соңына дейін үш апта ұзартылғанын жариялады. 

Евровидение ән байқауы үшін соңғы жағдай ай соңында нақтыланады.

Елде оқиға санының артуына қарай көреремен саны да шектелуі мүмкін.



Ұқсас жаңалықтар