Париж Лувр мұражайы онлайн ашылды

Мұражайдағы саны 480 мыңнан астам өнер мұрасын 'collections.louvre.fr'  парақшасынан көруге болады.

1611589
Париж Лувр мұражайы онлайн ашылды

Францияның астанасы Париж қаласындағы әлемге танымал Лувр мұражайы арасында Мона Лиза, Венера де Мило және Гермес мүсіні де бар 480 мыңнан астам мұраны интернеттен тамашалауға ашты. 

Лувр мұражайы әкімшілігі тарапынан жасалған мәлімдемеде қазір аз сандағы өнер мұраларының онлайн тамашалауға ашылғаны, жұма күнінен бастап барлық өнер мұраларын көруге болатыны білдірілді.

Мұражайдағы саны 480 мыңнан астам өнер мұрасын 'collections.louvre.fr'  парақшасынан көруге болады. 

Онлайн түрде тамашалауға болатын мұралар арасында Мона Лиза, Канада той,  Самотракияның қанатты жеңісі, Венера де Мило, Наполеонның таққа отыру рәсімі, Халық алдындағы бостандық және Гермес мүсіні қатарлы мұралар бар.

Көрмеге қойылатын 480 мың өнер мұрасы Лувр мұражайындағы мұралардың 75 пайызын құрайды.  
 



Ұқсас жаңалықтар