Шентоп Қасейіновты қабылдады

Дүйсен Қасейінов Мұстафа Шентопқа "Наурыз табағын" ұсынды және қазақтың ұлттық шапанын жапты.

1606269
Шентоп Қасейіновты қабылдады

ТҰҰМ төрағасы Мұстафа Шентоп Халықаралық Түрік Мәдениеті ұйымы ТҮРІКСОЙ Бас хатшысы Дүйсен Қасейінов мен қасындағы делегацияны қабылдады. 

Қабылдауда ТҮРІКСОЙ Бас хатшысы Дүйсен Қасейінов Наурыз мерекесінің құрметіне Шентопқа ішінде жұмыртқа, бидай, кептірілген дән мен жемістер салынған "Семени" яғни Наурыз табағын ұсынды және қазақтың ұлттық шапанын жапты. 

Шентоп пен Дүйсен Қасейінов жұмыртқаларды соғыстырып, символды түрде Наурыз мерекесін құттықтады.

ТҰҰМ төрағасы Мұстафа Шентоп қабылдаудағы сөзінде Түркі әлемін Наурыз мерекесімен құттықтады.

ТҮРІКСОЙ делегациясымен Наурызға орай бас қосқанына риза болған Шентоп:

"Адамзаттың материалдық емес мұрасы болған Наурыз халықтарымызды өзара бірлестірген, аталарымыздан бізге мұраға қалған ортақ құндылықтарымызды болашақ ұрпақтарға жеткізетін молшылық пен береке-бірліктің мерекесі" деп көрсетті.   



Ұқсас жаңалықтар