Берлин фильм фестивалі онлайн түрде басталды

Berlinale-дің 1-5 наурыз күндері арасындағы алғашқы бөлімінде фильмдерді онлайн қарауға болады.

1593773
Берлин фильм фестивалі онлайн түрде басталды

Германияның бас қаласы Берлинде биыл коронавирус сақтық шаралары себебімен екі бөліп өткізілетін 71-ші Халықаралық Берлин фильм фестивалінің (Berlinale) онлайн бөлімі басталды.

Халықаралық Берлин фильм фестивалінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Berlinale-дің 1-5 наурыз күндері арасындағы алғашқы бөлімінде фильмдерді онлайн қарауға болады. Ковид сақтық шараларына байланысты баспасөз жиналыстары мен қызыл кілем шаралары өткізілмейді. Фестивальде 15 фильм бақ сынайды.  Олардың арасында «Алтын Аю» сыйлығына лайық деп табылған фильм 5 наурыз күні жарияланады.

71. Berlinale-дің екінші бөлімі 9-20 маусым күндері аралығында өткізіледі. Фестивальдің осы бөлімі көрерменге ашық болады. Жеңімпаздарға марапат тапсыру да осы бөлімде жүзеге асырылады.

Биыл 59 елден 166 фильм көрсетілетін фестивальдің «Панорама» бөлімінде түрік режиссер Ферит Караханның бір фильмі ұсынылады.

Германияда кинотеатрлар коронавирус эпидемиясы салдарынан шамамен төрт айдан бері жабық тұр.



Ұқсас жаңалықтар