Германияда түрік профессор ректор болып сайланды

Проф. Метин Толан Геттинген Университетінің ректорлығына сайланды.

1573394
Германияда түрік профессор ректор болып сайланды

Германияда түрік текті физик, Проф. Метин Толан Геттинген Университетінің ректорлығына сайланды.

Геттинген Университетінің жазбаша хабарламасында университет сенатының Толанды ауызбіршілікпен сайлағаны, сайлауды университет Өкілетті кеңесінің де бекіткені айтылды.

Толан міндетін көктемде бастайды.

Ректор болып сайланған Проф. Метин Толан өзіне деген сенім үшін қуанғанын білдіріп: «Ең үздік университеттердің біріне ректор  ретінде сайлану – үлкен бақыт. Университетті алдағы жауапкершіліктерге дайындау үшін одан да көп жұмыс істейміз» деді.
Әкесі түрік, анасы неміс, 1965 жылы Германияда туған Толан физика мамандығы бойынша білім алды. 1993 жылы доктор атағын алды. Ол 2004-2008 жылдары Дортмунд Техникалық университеті Физика факультетінде декан, 2008-2020 жылдар арасында ректорлық кеңес мүшелігі және ректор орынбасары қызметтерін атқарды.



Ұқсас жаңалықтар