Афринде мәдениет орталығы ашылды

Анадолы Мәдениет орталығында білім беру, мәдениет, өнер жұмыстары, тіл және музыка, кәсіптік білім беру курстары ұйымдастырылады.

1573203
Афринде мәдениет орталығы ашылды

Сирияның солтүстігіндегі Африн қаласында Бүлбүлзаде қоры мен Шетелдегі түріктер мен ағайын қауымдастықтар басқармасы селбестігімен Анадолы Мәдениет орталығы ашылды.

Түрік Қарулы Күштерінің "Зәйтүн бұтағы" операциясы арқылы 2018 жылы қаңтар мен наурызда террордан тазаланған Афринде ашылған Анадолы Мәдениет орталығында тұсау кесер рәсімі өткізілді.

Беташарға Бүлбүлзаде қорының төрағасы Тургай Алдемир мен Шетелдегі түріктер мен ағайын қауымдастықтар басқармасының өкілдері және аймақ халқы қатысты.

Қызметке ашылған Анадолы Мәдениет орталығында білім беру, мәдениет, өнер және ой-пікір жұмыстары, тіл курстары, хаткерлік пен музыка курсатары, кәсіптік білім беру курстары ұйымдастырылады.  
Африн Анадолы Мәдениет орталығының жауаптысы Мелих Ай осы мекенде 300 оқушыға білім берілетінін ескертті. 
Мелих Ай: "Сенімді орталарда мәдениет орталығын ашу жұмыстарымыз жалғасады. 2020 жылы 17 қыркүйекте Азезде Мәдениет орталығын аштық" деді.

 



Ұқсас жаңалықтар