Түрік құрамасы - чемпион

Ұлттық құрама алты алтын, төрт күміс, төрт қола медаль алып,  305 ұпай жинап чемпион болды.

1565555
Түрік құрамасы - чемпион

Грек-рим күресінен түрік құрамасы Францияда өткен Франция Гран При сайысында чемпион атанды.

Ұлттық құрама алты алтын, төрт күміс, төрт қола медаль алып,  305 ұпай жинап чемпион болды.

160 ұпаймен Әзербайжан екінші орын, 151 ұпаймен Франция үшінші орын алды.

Жарыста Франция, Америка Құрама Штаттары, Грузия, Германия, Польша командалары жарысты.  Түрік құрамасында олимпиада спортшылары Рыза Каяалп пен Дженк Илдем орын алмады.

Әйелдер күрес құрама командасы болса АҚШ және Германия командаларынан кейін үшінші орын алды.

Грек-рим күресінен құрама команданың медальдері:

Алтын медаль: 55 келі Шериф Кылыч, 60 келі Керем Камал,  63 келі Абдуррахман Алтан,  72 келі Селчук Джан,  77 келі Фатих Дженгиз,  82 келі Эмрах Куш.

Күміс медаль: 55 келі Элчин Али, 63 келі Мехмет Чекер,  77 келі Юнус Эмре Башар, 87 келі Метехан Башар.

Қола медаль: 55 келі Экрем Өзтүрік, 63 келі Фатих Үчүнджү, 72 келі Дженгиз Араслан,  82 келі Салих Айдын.



Ұқсас жаңалықтар