Netflix Түркияда кеңсе ашады

Бұл қадам Түркияда өндірілген табысты туындылардың әлемге таныстырылуына көмектеседі.

1539078
Netflix Түркияда кеңсе ашады

Әлемде 195 миллион мүшесі бар Netflix Түркияда кеңсе ашуға шешім қабылдады.

Компания жасаған мәлімдемеге сәйкес, Netflix Стамбулда кеңсе ашады. Бұл қадам Түркияда өндірілген табысты туындылардың әлемге таныстырылуына көмектеседі.

Кеңсе есігін 2021 жылдың екінші жартысында ашады және жұмысқа орналасудың жаңа мүмкіндіктерін ұсынады.

Мәдениет және туризм министрі Мехмет Нури Эрсой Netflix сияқты ғаламдық компанияның Түркияда кеңсе ашу шешімін құптағанын білдірді.

«Менің ойымша, Түркияда түсірілетін фильмдер мен сериалдар әлемнің 190 елінде көрінеді және бұл индустрия туризмнің дамуына үлес қосады және түрік фильмдері халықаралық аренада көбірек көрінетін болады» деді ол.

Netflix-тің негізін қалаушы және бас атқарушы директор Рид Хастингс: “Біз Стамбулда тамаша офис ашатынымызды мақтан тұтамыз. Бұл шешім біздің Түркияға деген нақты ұстанымымызды көрсетеді. Біздің Түркиядағы 3 миллионнан астам мүшеміз және барлық мүдделі тараптарға қолдау көрсеткендері үшін алғыс айтамыз” деді.

Netflix біраз уақыт бұрын Түркияда шығарылған өнімге бүкіл әлем бойынша барлық мүшелерінің  тезірек жетуіне мүмкіндік беріп, «Made in Turkey» коллекцияның мазмұнын пайдалануды ұсынған болатын.

Бұл жинаққа жеке адрес (netflix.com/madeınturkey) арқылы қол жеткізуге болады. Яғни  Түркияда өндірілген туындыларды 30-дан астам тілде субтитрлермен және дубляж опцияларымен көруге болады.

Түрік туындыларын тамашалайтын 20 елдің қатарында АҚШ, Аргентина, Австралия, Ұлыбритания, Бразилия, Франция, Үндістан, Испания, Италия, Канада, Колумбия, Мексика, Польша, Сауд Арабиясы және Чили сияқты әлемнің көптеген елі бар.



Ұқсас жаңалықтар