Түркия раллиі өтеді

Түркия раллиі 18-20 қыркүйек күндерінде Мармаристе өткізіледі.

1491740
Түркия раллиі өтеді

Бүкіләлемдік Ралли чемпионаты күнтізбесінің бесінші жарысы болып саналатын Түркия раллиі 18-20 қыркүйек күндерінде Мармаристе өткізіледі.

Карьерасының жетінші әлем біріншілігіне қол жеткізуді жоспарлаған Red Bull спортсмені Себастьян Огиер әзірге 79 ұпаймен бірінші орында тұр. Эльфин Иванс 70 ұпаймен екінші, Отт Танак 66 ұпаймен үшінші орында.

Бірінен соң бірі тоғыз Ралли чемпионы атанған Себастьян Лоеб Түркияда тағы бір рет жарысатынын хабарлады. Hyundai Motorsport атынан жарысқан және он жылдан кейін қайтадан Түркияда жарысатын француз спортшы осы маусымда бірінші рет Монти Карлода сайысты. Ол 2004, 2005 және  2010 жылдары Түркия раллиінде жеңіпмаз атанып еді.

Түркиядан раллиге бес мәрте Түркия чемпионы, бір рет FIA Еуропа раллиі кубогының иегері Ягыз Авджы қатысады.



Ұқсас жаңалықтар