Бешикташ клубы төрағасы вирус жұқтырып алған

Бешикташ клубының төрағасы Ахмет Нур Чебидің коронавирус сынамасы позитив шықты.

1417526
Бешикташ клубы төрағасы вирус жұқтырып алған

Бешикташ клубының төрағасы Ахмет Нур Чебидің коронавирус сынамасы позитив шықты. 

Клубтың интернет парақшасында Чебидің денсаулығына байланысты хабарлама жарияланды. Хабарламада Чебидің қысқа уақытта денсаулығының жақсаруы үшін емінің дереу басталғаны айтылды. 

Бешикташ командасының барлық футболшылары,  техникалық команда және қызметкерлеріне коронавирус сынамасы жүргізілді.  Нәтижеде сегіз кісіде вирус анықталды. 

Касымпаша клубы да екі кісіде вирус анықталғанын хабарлады.



Ұқсас жаңалықтар