Солтүстік Македониялық жастарға Түркиядан онлайн конференция

Ерен Балқан жағрафиясына өте ерекше көңіл бөліп отырғандарын атап көрсетті.

1400484
Солтүстік Македониялық жастарға Түркиядан онлайн конференция

Шетелдегі түріктер және ағайын қауымдастықтар басқармасының төрағасы Абдуллах Ерен “Көпір Жастар мектебі 2020” жобасы шеңберінде Солтүстік Македониялық мектеп оқушылары және унирвеситет студенттеріне онлайн конференция берді. 

Ерен Балқан жағрафиясына өте ерекше көңіл бөліп отырғандарын атап көрсетті. Ол Балқан елдеріндегі жастардың Түркиядағы жастармен байланысын арттыру керектігіне назар аударды. 

Түркияның коронавируспен күрес шеңберінде Балқан елдеріне жіберген көмегіне риза болғандарын білдірген Ерен дос және бауырлас Солтүстік Македонияның жанында болатындарын айтты. 

Жеке бастарының қабілетін жетілдіру,  түрлі тәжірибелер жасау, әлеуметтік өмірін байыту мақсатымен аталмыш жобаға қатысқан жастар үшін кітап оқу, тарих семинарлары,  білім семинарлары, спорттық шаралар мен мәдени саяхаттар ұйымдастырылады.



Ұқсас жаңалықтар