Индонезиялықтар түрік сериалдарын ұнатады

Түрік телехикаяларын тамашалағандардың Түркияға деген сүйіспеншілігі арта түседі.

1309687
Индонезиялықтар түрік сериалдарын ұнатады

Түрік телехикаяларын тамашалаған индонезиялықтардың Түркияға, түрік ұлтына және түрік тіліне деген сүйіспеншілігі арта түседі.

Индонезиялықтар «Тірілу Ертұғрыл», «Паитахт Абдулхамит», «Мехмет – ғаламдық жеңімпаз» секілді түрік сериалдарын интернет арқылы тамашалайды.  Телесериалдар арқылы Түркияға деген қызығушылықтары артты.

Мысалы 43 жасар Мұхаммед Рахман түрік тарихы және мәдениеті жөніндегі телехикаяларды ұнататынын айтты. Ол әсіресе «Тірілу Ертұғрыл», «Паитахт Абдулхамит» сериалдарын қатты ұнатады.

Оның ойынша «Ертұғрыл» сериалында достық,  бірлік, бауырластық мұсылмандарға  қатты әсер етеді. Түрік тарихи сериалдарынан кейін түрік халқына деген сүйіспеншілігінің арта түскенін айтқан Рахман: «Түрік тілін де үйренгім келеді. Балаларымның Түркияда білім алғанын қалаймын» деді.

Джакарта Университетінің оқытушысы 32 жасар Лин Фатмавати де түрік тарихы, мәдениеті және халқын қатты ұнататынын айтып: «Түрік тарихи сериалдарының арқасында Османлының тарихи маңызын және оқиғаларды түсіне бастадым» деді.



Ұқсас жаңалықтар