Денизлидегі қораз мүсіні Гиннесс Рекордтар кітабына үміткер

Денизлидегі 27 метр биіктіктегі қораз мүсіні үшін Гиннесс Рекордтар кітабына ену мақсатымен өтініш жолданады.

1160580
Денизлидегі қораз мүсіні Гиннесс Рекордтар кітабына үміткер

Денизлиде тақырыптық қала орманы ішіндегі 27 метр биіктіктегі қораз мүсіні үшін Гиннесс Рекордтар кітабына ену мақсатымен өтініш жолданады. 

Памуккале Қала әкімшілігі тарапынан дайындалып, Егін және Орман шаруашылығы министрлігіне ұсынылған мың 451 жоба арасында тақырыптық қала орманы ерекшелігі тұрғысынан бірінші болып таңдалған Ұлттар Бақшасы саяхаттау төбесінің алғашқы сатысын құрайтын жасанды сарқырамалардың тұсаукесер рәсімі өткізілді.

Әділет және даму партиясы тобының төраға өкілі Жахит Өзкан тұсаукесердегі сөзінде Памуккаленің әлемге танымал бір туризм үлгісі екенін айтып, ашылып отырған саябақтың қаланы тамашалауға келген туристтер үшін саяхат алаңы болатынын атап көрсетті. 

Табиғатпен тоғысқан алаңның маңыздылығына тоқталған министр Өзкан "Бұл жер еліміздің және әлемнің түкпір-түкпірінен Денизлинің көркемдігін көруге келген жергілікті және шетелдік туристтердің тамашалайтын мекеніне айналады" деді.

Ұлттар Бақшасы саяхаттау төбесі жобасындағы Хороз көй ауылы өңірінде мүсінші Осман Атмажа тарапынан 6 айдың алдында жасала басталған мүсін мен қондырғысына 26 тонна темір жұмсалған, жалпы биіктігі 27 метрге жеткен Қораз мүсінін қала көлемінде көруге болатыны білдірілді. 



Ұқсас жаңалықтар