Иран телехикаясы Анталияда түсіріліп жатыр

Иранның мемлекеттік телеарнасында жарияланатын телехикаяның 4 бөлімі Анталияда түсіріледі.

1152692
Иран телехикаясы Анталияда түсіріліп жатыр

Иранның мемлекеттік телеарнасында жарияланатын «Гандо» атты детектив телехикаяның 4 бөлімі Анталияда түсіріледі.

Елде бірінші маусымы 30 бөлім ретінде жарияланатын телехикаяның Анталиядағы түсірілімі тарихи және туристтік 35 мекенде жүріп жатыр. Бұл түсірілім үшін Ираннан 50 адамдық команда келді. 

Телехикаяның Анталиядағы түсіріліміне Анталия қалалық полиция басқармасы да қолдау беріп отыр. Хикая 2 айдан кейін Иранда көрсетіледі.

Телехикаяның ирандық режиссері Джавад Авшар мұның Иран үшін маңызды туынды екенін айтты.

«Телехикаяның тақырыбына сай шетелге баруымыз керек болатын.  Көрші елдердің барлығын қарап шықтық. Ең ыңғайлысы Түркия деп шештік. Тіпті Америка Құрама Штаттарында түсірілуі керек жерлерді де Анталияда түсіремін. Себебі Түркия географиялық жағынан сай келеді» деді режиссер.

Режиссер Анталияның фильм және телехикая түсіру үшін тамаша қала екенін, баршаға Түркияда жұмыс істеуді кеңес беретінін айтты.

Телехикаяның продюссері Мұстафа Солтани болса «Түрік актерлер өз жұмыстарын жақсы меңгерген.  Сондықтан біздің жұмысымыз жеңіл болды.  Бұдан былай басқа жобаларда шетелдерге барудың қажеті жоқ. Міндетті түрде Түркияға келеміз» деді.



Ұқсас жаңалықтар