Барша әлемде түрік тіліне деген қызығушылық артуда

Түрік тілі қоғамы төрағасы профессор Гүлсевин «Түрік тіліне деген қызығушылық күн сайын артуда».

1105671
Барша әлемде түрік тіліне деген қызығушылық артуда

Барша әлемде түрік тіліне деген қызығушылық артуда.

Түрік тілі қоғамы төрағасы профессор Гүлер Гүлсевин түрік тілінің енді сериалдармен де әлімнің әр жеріне таралғанын және түрік тілін үйренушілер санының күн сайын артқанын айтты.

Гүлсевин Анталияда ұйымдастырылған бір конференцияда әлемде қызығушылық көрсетілген тілдердің біреуінің түрік тілі екенін білдірді.

Көптеген елде түрік тілін оқыту орталығының болғанын мәлімдеген Гүлсевин «Түрік тіліне деген қызығушылық күн сайын артуда. Өйткені Түркияда түсірілген сериалдар мен кинофильмдері барша әлемге сатылуда» деді.

Гүлсевин түрік сериалдары Орталық Азияда, Орташығыста, Балканда және басқа өңірлерде қойылғанын және  бұл аймақтағы халықтардың түрік сериалдарына қатты қызығушылық көрсеткенін баяндады.

 



Ұқсас жаңалықтар