Сауд телеарнасында әйел жүргізуші

Бірінші рет әйел тележүргізуші шықты.

1054229
Сауд телеарнасында әйел жүргізуші

Сауд Арабиясының ресми телеарнасында бір әйел жүргізуші жаңалықтарды оқыды.

Елдің ресми арнасы Сауди ТВ-де кеше бірінші рет жаңалықтарда Виам әд-Дахил атты әйел жүргізуші шықты.

Дахил телеарнаның және жаңалықтардың жаңа эфир кезеңіне байланысты таныстыру бағдарламасында тележүргізуші Өмер ән-Нешванмен бірге шықты. Ливан Америка Университетінің Баспасөз бөлімін бітірген Дахил бұдан бұрын Әл-Хаят газеті, Әл Жазира телеарнасы және Әл Араб телеарналарында жұмыс істеді.

Сауд Арабиясында соңғы кездері әйелдерге көлік жүргізу, ешкімнің рұқсатынсыз фирма құру,  Әділет министрлігінде жұмыс істеу,  спорттық сайыстар үшін стадиондарға кіру секілді құқықтар берілген еді.

Сауд Арабиясының 2030 жоспары әйелдердің бизнеске қосылу көрсеткішін 22 пайыздан 30 пайызға көтеруді мақсат етіп отыр.



Ұқсас жаңалықтар