ASELSAN зымырандық ұшыру жүйесін сынақтан өткізді

ASELSAN-ның зымырандық ұшыру жүйесі Украинадағы сынақтардан табысты түрде өтті.

978139
ASELSAN зымырандық ұшыру жүйесін сынақтан өткізді

Фирма жасаған мәлімдемеге қарағанда Украинаның «LUCH» фирмасы өндірген скиф зымырандары ASELSAN жетілдірген зымырандық ұшыру жүйесі арқылы сынақтан өткізілді.

ASELSAN 6 айдың ішінде жүйенің жетілдірілуі, прототип өндірісі және зымыран ұшыру сынақтарын жүзеге асырды.

«LUCH» пен Украина үкіметінің өкілі ретінде «SPETSTECHNOEXPORT» фирмаларының ынтымақтастығымен өткен сынақтарда зымырандар 5 шақырым қашықтықтағы нысаналарды дәлдеп алды.

Жүйе АҚШ, Ұлыбритания, Украина және орыс текті әртүрлі зымырандарды ұшыру үшін жетілдіріліп, сынақтан өткізілді.



Ұқсас жаңалықтар