Үнділер той үшін Түркияға келеді

Үнділер той өткізу үшін Стамбул мен Анталия қалаларын таңдайды.

904920
Үнділер той үшін Түркияға келеді

Биылғы жылдың алғашқы үнді тойы Анталияда өткізілді.

Той үшін Үндістаннан шамамен мың адам келеді. Шексіз ішіп-жеудің адресі болған бір той кемінде 1 миллион долларға түседі.

Ертегідегідей той үшін 75 миллион доллар төлейтіндер де табылады.

2017 жылы Түркияда үнділердің 10 тойы өткізілді.  Биыл осы көрсеткіш 30 болады деген болжам бар.

Үнді тойы үш күн үш түнге созылады.

Қонақтар болса қонақүйде 4 күн түнейді.

Үнді тойлар үшін Стамбулда Чыраган сарайы көп таңдалады. Той үшін Үндістаннан арнайы аспаздар келеді. Той үшін дайындық бірнеше күн бұрын басталады. Үнділер тойлары үшін арнайы шаштараз, фотограф және бишілерін де елдерінен ала келеді.

Үнді тойлары Түркияға 100 миллион доллар кіріс келтіреді.



Ұқсас жаңалықтар