Реставрация барысында тарихи монша табылды

Фатих Сұлтан Мехмет үшін салынған монша жарыққа шықты.

869363
Реставрация барысында тарихи монша табылды

Фатих Сұлтан Мехмет үшін салынған монша жарыққа шықты.

Стамбулда Топкапы сарайындағы реставрация барысында императорлар үшін салынған монша табылды.

1460 жылы падиша Фатих Сұлтан Мехмет үшін салынған моншаны 5 падиша қолданған.

Шетелдік дерек көздерде осы монша «Қорғасынмен қапталған күмбезі, ыстық және салқын су ағатын шүмектері бар» деп суреттелетін.

Қалалық Мәдениет директоры Джошкун Йылмаз: «Осы монша Фатих Сұлтан Мехмет кезінде Топкапы сарайының алғашқы құрылысында салынған. Фатих Сұлтан Мехмет падишадан 1580 жылдарға дейін ІІ Беязыт, Явуз Сұлтан Селим, Кануни Сұлтан Сүлейман және ІІ Селим падишалар кезінде де билеуші моншасы ретінде қызмет атқарған» деді.

Тарихи монша үсті шынымен қапталғаннан кейін келушілер үшін ашылады.



Ұқсас жаңалықтар