Даун синдромды Мұхаммед Еуропа чемпионы атанды

Түрік спортшы Еуропа рекордын жаңартты.

843192
Даун синдромды Мұхаммед Еуропа чемпионы атанды

Даун синдромды түрік спортшы Мұхаммед Тугрул Шахин Францияның бас қаласы Парижде өткен DSISO Еуропа ашық жүзу чемпионатында 200 метр баттерфляйда 4 минут 41 секунд 11 дәрежесімен Еуропа рекордын жаңартты. Осылайша ол Еуропа чемпионы атанды.

Бұдан бұрын да көптеген халықаралық жеңістерге жеткен Мұхаммед Тугрул табыстарына Еуропа рекордын қосты.

Жол апатында әкесі мен апасынан айрылып қалған Мұхаммед шешесі Хатидже Шахиннің көмегімен жүзуден бас тартпады.

2013 жылы Португалияда, 2016 жылы Италияда өткен Даун синдромдықтар Еуропа жүзу чемпионаттарында түрлі салада алтын,  күміс және қола медаль алған Мұхаммед Парижде медальдеріне жаңа рекорд қосты.



Ұқсас жаңалықтар