Халықаралық қорғаныс өнеркәсібі көрмесі 9 мамыр күні басталады

ASELSAN Халықаралық Қорғаныс өнеркәсібінің 13-көрмесіне (IDEF) дайындалуда.

726607
Халықаралық қорғаныс өнеркәсібі көрмесі 9 мамыр күні басталады
aselsan.jpg
aselsan, fuar.jpg

Түркияның қорғаныс саласы алпауыты Әскери электроникалық қорғаныс өнеркәсібі (ASELSAN) Халықаралық Қорғаныс өнеркәсібінің 13-көрмесін (IDEF) дайындалуда.

ASELSAN 9-12 мамыр күндері арасында жүзеге асатын қорғаныс өнеркәсібінің ел көлемінде және шетелдегі маңызды актерлерін, материал қамдаушыларын және мемлекеттік делегацияларының басын қосатын «IDEF» аясында үлкен бір алаңда келушілерін қарсы алады.

Фирма өнімдерін таныту үшін 4 мың 161 текше метрлік жабық, 740 текшеметрлі ашық барлығы 4 мың 901 текшеметрлік бір алаңда технологиясын нарыққа ұсынады. Шамамен 5 гектарлық көрме алаңы қазірге дейінгі «IDEF» көрмелері ішінде ең үлкен алаң болу ерекшелігіне ие.

ASELSAN көрме жүзеге асатын «TÜYAP» көрме және конференция орталығының 12-ші залында орын алатын жайында теңіз жүйелері, әуе жүйелері, әуе қорғаныс жүйелері, Шекара және теңіз күзету жүйелері, коммуникация жүйелері, электроникалық соғыс жүйелері, электрон-оптикалық жүйелер және қару жүйелері мен қару-жарақ жүйелеріне қатысты 317 өнімді танытады.

Түрік қарулы күштерін күшейту қорының бір мекемесі ретінде ASELSAN көрмеде құрлық, әуе және теңізге бағытталған өзіне тән жүйе шешімдерімен қол жеткізген технологиялық жетістіктерін ортаға қояды.

Зымырандар мен ұқсас қауіптерге қарсы жетілдірілген Қорқыт әуе қорғаныс зеңбірек жүйесі, «HİSAR» атты алшақтау және орта биіктіктегі әуе қорғаныс жүйелері, соңғы жылдары артқан «drone» (ұшқышсыз ұшу аппараты) қауіптеріне қарсы жобаланған «İHTAR» Анти-дрон жүйесі, террор оқиғаларына қарсы қауіпсіздік қажеттіліктерін қамтамасыз ету мақсатты жетілдірілген Мекемелік қауіпсіздік басқару жүйесі, «ASELSAN»-ның «IDEF 2017» көрмесінің назар аударатын өнімдері арасында орын алады.

ASELSAN «IDEF 2017» аясында құрлық, әуе, теңіз платформаларына қатысты өнім мен жүйелік шешімдеріне қоса ғарыш технологиялары саласындағы қабілетін де танытады.



Ұқсас жаңалықтар