Ресей қатыспайтын болды

EBU Ресейдің Киевте болатын Eurovision ән байқауына қатыспайтынын хабарлады.

712969
Ресей қатыспайтын болды

Еуропа Хабар тарату одағы EBU Ресейдің Украинаның бас қаласы Киевте болатын Eurovision ән байқауына қатыспайтынын хабарлады.

EBU тарапынан жасалған хабарламада Ресейдің әншісі Юлия Самойлованың Киевке келуіне рұқсат берілмейтіні білдірілгеннен кейін орыс органдарына екі ұсыныс жасалғаны айтылды.

Ресей Самойлованың байқауға спутник байланысымен қатысуы немесе жаңа әншінің анықталуы сынды екі ұсынысты да қабылдамады.

Eurovision ән байқауының лауазым иесі Франк Дитер Фриилинг Украинаның шешімін айыптап: «Украина органдарының Юлия Самойловаға рұқсат бермеген шешімін айыптаймыз.  Бұл шешім Eurovision ән байқауының саяси емес, тұтастықты қамдайтын ерекшелігі арқылы барлық елдерді бірлестіретін миссиясына да қайшы» деді.

Ресейдің Бірінші теле арнасы да ән байқауын жарияламайтынын хабарлады.



Ұқсас жаңалықтар