18-ші Мумбаи фильм фестивалінің биылғы қонағы Түркия

Фестивальде ортақ кино түсіру жөнінде де кездесулер өткізілуде.

594420
18-ші Мумбаи фильм фестивалінің биылғы қонағы Түркия

Түрік кино саласы «Bollywood» деп аталған Үндістан киносы саласымен бас қосты.

Үндістанның ең маңызды фильм фестивалінің бірі 18-ші Мумбаи фильм фестивалінің биылғы қонағы Түркия.   

10 түрік фильмі үндістандық көрермендерімен танысуда. Фестивальде ортақ кино түсіру жөнінде де кездесулер өткізілуде.

Түркиядан Мәдениет және туризм министрлігімен қатар көптеген әйгілі кинорежиссері, продюсер, актер және артист фестивальдің маңызды қонағы болуда.

Фестивальде «Turkish Focus» тақырыбында «Шешенің жарасы», «Келін», «Қар қарақшылары», «Қыс ұйқысы», «Қор», «Көк велосипед» «Ұмытқызсам сыбырла» және «8 секунд» атты фильмдер қойылады.

Мумбаиде «Түркия-Үндістан теледидар және кино индустрия форумы» да ұйымдастырылады.

Форумның Түркия мен Үндістан арасында көркемөнер және мәдениет ынтымақтастығына үлес қосылуы мақсат етілуде.

       

 



Ұқсас жаңалықтар