Түрік музыка аспаптары Франкфуртта көрмеде

«Musikmesse»де түрік музыкалық аспаптары назар аударуда.

467755
Түрік музыка аспаптары Франкфуртта көрмеде

Музыкалық аспаптар және құралдар саласында әлемнің ең ірі көрмесі деп қабылданған Германияның Франкфурт қаласындағы «Musikmesse»де түрік музыкалық аспаптары назар аударуда.

Көрмеде сахна және музыка саласының технологиялық деңгейі таныстырылады. Көрмеге әлемнің түрлі елдерінен 1103 фирма қатысып отыр. Соның ішінен Түркиядан 12 фирма орын алуда.

Түрік фирмалары​​ көрмеде қолдан жасалған қоңыраулар мен дәстүрлі түрік музыкалық аспаптарын таныстыруда.

Әсіресе соқпалы аспаптардың тәрелкелерін өндіретін түрік фирмалары Германия, Америка Құрама Штаттары, Қытай, Жаңа Зеландия және Австралия сынды көптеген елге экспорт жасайды. Түрік фирмаларының Түркиядағы зауыттарына шамамен 160 елден қонақ келеді.

Түркия қолдан жасалатын соқпалы аспаптар тәрелкесі саласында – үздік ел. Көрмеде шамамен 150 түрлі тәрелке көрмеге қойылды.

АҚШ фирмалары да тәрелкелердің сапасын көрсету үшін үстіне Түркия байрағын қояды.

Көрме 10 сәуірге дейін ашық.



Ұқсас жаңалықтар