Анкарада халықаралық музыка фестивалі басталады

«33-ші Халықаралық Анкара музыка фестивалі» 20 елден 360-қа жуық сазгерлердің қатысуымен 4-30 сәуір күндері арасында өтеді.

460461
Анкарада халықаралық музыка фестивалі  басталады

Фестивальдің алғашқы күні Ұлыбритания патшалық академиясында музыкалық жұмыстарын жалғастырған жас пианист Толга Аталай Үн мен Фазлы Орхун Орхон жетекшілігіндегі Анкара жастар симфония оркестрі сахнаға шығады.

Фестиваль 3 халықаралық және Түркиядан 15 премьераға қонақжайлық жасайды.

Іс-шараларда симфония мен камералық оркестрлердің концерттеріне және арнайы жобаларға дейін барлығы 15 концерт орындалады.

Люксембургтік кларнетші Макс Маусен және пианист Жэйсон Андерсонмен музыкалық бір жанұя тобы ретінде «Trio Koch» фестивальде алғаш рет сахнаға шығады.

Аргентина және Францияның сазгерлері мен бишілерінен тұратын "Union Tanguera" мен "Aniello Desderio's Quaretto Furioso" топтары да концерттеріне қоса, ателье жұмыстарын сахнаға қояды.

Жеке карьерасы және өз стилімен көптеген жас өнерпазға шабыт берген виолончельдің танымал тұлғаларының бірі ағылшын Стивен Иссерлис пен канадалық танымал пианист Конний Ших тұңғыш рет бірге Түркияда сахнаға шығады.

Ирландиялық және түрік сазгерлерден құрылған этникалық музыкалық тобы «Yurodny» түрік музыкант Онур Түрікменнің «Ахмет Хашимнен В.Б. Йеатсқа Византияға қарап жатқанда» атты шығармасын тұңғыш рет сахнаға қояды.

Фестивальдің жабылу кешінде болса Рауф Абдуллаев жетекшілігіндегі скрипкашы Тоғрул Ганиев пен пианист Мурат Адыгүзелзаденің орындаушылығында Әзірбайжан мемлекеттік симфония оркестрі сахнаға шығады.

Премьер-министрлік таныту фонды мен Мәдениет және туризм министрлігіне қоса, Сыртқы істер мен Ұлттық білім беру министрліктері қолдау берген фестивальге 20 елден барлығы 360-қа жуық өнерпаз қатысады.

Фестиваль 30 сәуір күні аяқталады.



Ұқсас жаңалықтар