Түркия гамбиялық сарбаздарға әскери білім берді

4-5 мамырда Гамбияда Ислам Ынтымақтастығы Ұйымының 15-ші саммиті өтеді.

2133606
Түркия гамбиялық сарбаздарға әскери білім берді

Түркия Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы (ИЫҰ) саммитін өткізуге дайындалған гамбиялық сарбаздарға әскери  білім берді. 

351 гамбиялық сарбаз 7-28 сәуір аралығында ел астанасы Банджулда өткен арнайы әскери білім беруге  қатысты.

Әскери білім берудің  жабылу салтанатына Түркияның Гамбиядағы өкілетті және төтенше елшісі Фахри Түркер Оба, Гамбияның Қорғаныс министрі Серинг Моду Нжие, Гамбия Бас штабының төрағасы Мамат Чам және көптеген сарбаз қатысты.

Рәсімде сөйлеген сөзінде елші Оба Түркияның Гамбияға қолдауына риза екенін білдірді.

Оба берілген әскери білімнің  ИЫҰ саммиті кезінде де, одан кейін де Гамбияның қауіпсіздік күштеріне пайдасын тигізетінін айтты.

Гамбияның Қорғаныс министрі Нжие Түркияның Гамбияның сенімді даму серіктесі екенін атап өтіп, Түркияның қолдауы үшін алғыс айтты. Нжие Түркия Республикасының негізін қалаушы ұлы көшбасшы Мұстафа Кемал Ататүрікті жоғары бағалап, Түркия-Гамбия қарым-қатынасының жақсы деңгейде дамып келе жатқанын білдірді.

4-5 мамырда Гамбияда Ислам Ынтымақтастығы Ұйымының 15-ші саммиті өтеді.



Ұқсас жаңалықтар