Газа секторында қаза тапқандар саны 34 мың 454-ке жетті

Израильдің Газа секторындағы шабуылдарда соңғы 24 сағатта 66 палестиналық қаза тапты.

2132933
Газа секторында қаза тапқандар саны 34 мың 454-ке жетті

Израильдің 7 қазан күнінен бері шабуылдарын жалғастырған Газа секторында соңғы 24 сағатта 66 палестиналықтың қаза тапқаны және 138 палестиналықтың жараланғаны жарияланды.

Газа секторында Денсаулық сақтау министрлігінен жасалған жазбаша мәлімдемеде "Шабуылдардың 205-ші күні Израиль 7 қырғын жасады. Шабуылдарда 66 адам өлді, 138 адам жараланды" делінді.

Израиль шабуылдары басталған 7 қазан күнінен бері қаза тапқан палестиналықтар саны 34 мың 454-ке, жараланғандар саны 77 мың 575-ке жетті.

Мәлімдемеде үйінді астында және жедел жәрдем мен азаматтық қорғаныс топтары жете алмаған жолдарда көптеген өлгендер бар екені де баса айтылды.



Ұқсас жаңалықтар