Конгресс жаңа заң жобасын мақұлдады

Заң аясында Израиль, Украина және Тайваньға қолдау пакеті қамтылған.

2131318
Конгресс жаңа заң жобасын мақұлдады

Америка Құрама Штаттарында (АҚШ) Конгресте 95 миллиард долларлық ұлттық қауіпсіздік туралы қосымша заң жобасы қабылданды.

Израильге 26 миллиард 400 миллион доллар, Украинаға 60 миллиард 800 миллион доллар және Тайваньға 8 миллиард долларлық қолдау пакетін қамтитын Ұлттық қауіпсіздік қосымша заң жобасы мақұлданды.

Пакет құрамына Израильдің әуе қорғаныс жүйесіне арналған қосымша оқ-дәрілер мен әскери материалдар, қорғаныс материалдары және Израильдегі АҚШ қару-жарақ қоймасына қосымша материалдық қолдау кіреді.

Заң жобасы сонымен қатар Газа секторын қоса алғанда, қақтығыс аймақтарына 9 миллиард долларлық гуманитарлық қолдау пакетін қабылдады.

Аталмыш пакетте Украина үшін екі бөлімге орын берілген.  Пакеттің үштен бірі АҚШ-тың қару-жарақ қоймаларынан Украинаға бұрын жіберілген қаруларды алмастыруға арналған. Қалғаны Украинаға қажетті қару-жарақты шығаратын  компаниялар үшін жұмсалады.

Ұлттық қауіпсіздік туралы қосымша заң жобасы «Tiktok» әлеуметтік платформасына тыйым салуды да қамтиды. Заң  «TikTok-ты» американдық бір компанияға сату үшін қытайлық «ByteDance» компаниясына 9 ай мерзім береді.

АҚШ-та 150 миллион қолданушысы бар «Tiktok» сатылмаса, бүкіл елде тыйым салынады.

Қарастырылып отырған заң жобасы АҚШ президенті Джо Байден қол қойғаннан кейін заңға айналады.



Ұқсас жаңалықтар