Тайваньда екі рет жер сілкінді

Алғашқы мәліметтерге сәйкес, жер сілкінісінен адам мен мүлік шығыны тіркелмеген.

2130960
Тайваньда екі рет жер сілкінді

Тайваньның Хуалиен қаласында 6,1 және 6 баллдық қатарынан екі рет жер сілкінісі болды.

Америка геологиялық қызметі (USGS) Тайваньның шығыс жағалауындағы Хуалиен қаласының оңтүстігінде екі жер сілкінісі болғанын хабарлады. 10 шақырым тереңдікте 6 минут аралықпен тіркелген жер сілкінісінің магнитудасы 6,1 және 6 деп анықталды.

Алғашқы мәліметтерге сәйкес, жер сілкінісінен адам мен мүлік шығыны тіркелмеген.

3 сәуірде  де Тайваньның Хуалиен қаласында 7,4 балдық жер сілкінісі болды.

Тайвань орталық метеорологиялық басқармасы жер сілкінісінің магнитудасын 7,2 деп жариялап, оның Тайваньда соңғы 25 жылдағы ең күшті жер сілкінісі екенін мәлімдеді.



Ұқсас жаңалықтар