Ресей ұшқышсыз ұшақтармен шабуылдады

Украина Әскери-әуе күштері 15 ұшқышсыз ұшақты атып түсірді.

2130958
Ресей ұшқышсыз ұшақтармен шабуылдады

Ресей Украинаның астанасы Киевке, сондай-ақ Миколаев, Одесса және Черкасск облыстарына ұшқышсыз ұшатын аппараттармен және баллистикалық зымырандармен шабуыл жасады.

Украина Әскери-әуе күштері қолбасшылығы Ресейдің бүгін түнде 2 «Искандер-М» баллистикалық зымыраны және 16 «Шахед» типті ұшқышсыз ұшақпен Украина жеріне шабуыл жасағанын хабарлады.

Украина Әскери-әуе күштері Киев, Миколаев, Одесса және Черкасск облыстарында 15 ұшқышсыз ұшақты атып түсіргені атап өтілді.

Киев қалалық Әскери басқармасының басшысы Сергей Попко да Ресейдің Курск облысынан Киевке пилотсыз ұшақтар жіберілгенін айтып, «Ұшқышсыз ұшақтар Сумы және Черкасск облыстарынан өтіп, оңтүстік-батыстан Киевке кірді. Әуе қорғанысы күштері жаудың барлық нысандарын жойды» деді.

Одесса облысы Әскери басқармасының басшысы Олег Кипер де Ресей армиясының Одессаға ұшқышсыз ұшақпен жасаған шабуылында үйлердің зақымданғанын, арасында 2 бала бар барлығы 7 адамның жараланғанын мәлімдеді.



Ұқсас жаңалықтар