Парижде наразылық шеруі өтті

Демонстранттар Палестина туын көтеріп, ұрандар тастады.

2130771
Парижде наразылық шеруі өтті
paris irkcilik protestosu.jpg
paris irkcilik protestosu.jpg

Францияның бас қаласы Парижде нәсілшілдік пен ислам дұшпандығына қарсы наразылық акциясы өтті.

Парижде жиналған демонстранттар елдегі полицияның зорлық-зомбылығы мен Газа секторындағы гуманитарлық дағдарысқа наразылық білдіру үшін шеруге шықты.

Демонстранттар Палестина туын көтеріп, ұрандар тастады.

Шерушілер «Нәсілшілдікті тоқтат, ислам дұшпандығын доғар», «Біздің балаларымызға қауіп төніп тұр», «Газа секторындағы геноцидті тоқтат», «Отаршылдыққа қарсы анти сионистік көтеріліс» деген плакат ашты.

Мыңдаған адам қатысқан демонстрацияға Франциядағы үкіметке қарсы «Сары жейделілер» қозғалысының жетекші қайраткері, Палестинаға қолдау көрсетуімен танымал оппозициялық «Бермейтін Франция» партиясының депутаттары және қара нәсілді мигранттар болды.

Африкалық мигранттар жергілікті музыкаға би билеп өнер көрсетті.

Сонымен қатар, 2023 жылдың жазғы маусымында полицияның зорлық-зомбылығы салдарынан қайтыс болған бір жас жігіт те еске алынды.



Ұқсас жаңалықтар